СЫНДЫ

lat: SYNDY

1шыл. Сияқты, секілді, тәрізді.

Жайшылықта болса, Хасен сынды сыйлы қонағын ауыл болып төбесіне көтеріп, қарсы алар еді (I.Есенберлин, Қатерлі.).

Ол Дәулет сынды, басшының көңіліндегісін тауып, ұнап қалған (А.Байтанаев, Қайнар.).

Ғали сынды сабазға (М.Дулатов, шығ.).

Жиырма жеті жасында

Абдрахман көз жұмды.

Сәулең болса басыңда,

Кімді көрдің бұл сынды? (Абай).

Жарымды алып қор қылдың жас өмірде тасынған.

Айырып, от қып өртедің Әбіш сынды асылдан (Абай, Тол. жин.).

Әбіш сынды жарымнан,

Айырылған соң барымнан,

Жалғанда болмас жұбаныш!