СЫНШЫЛ

lat: SYNSHYL

сын. 1. Біткен істі немесе біреуді сынағыш, мінегіш, оғаш істі байқағыш, көреген.

Асықпай, байыпты оқып бергеніне сыншыл да есті әже соншалық разы болып, батасын берді (С.Бегалин, Шоқан.).

Солдат қауымы сыншыл келеді. Командир туралы пікірін естіртіп айтпағанмен, іштеріне тізбектеп жүреді (Б.Момышұлы, Шығ.).

Тегінде жай көрермен болғанмен, жұрт көзі байқағыш та сыншыл ғой (Жүлдегерлер).

2. Әдеби шығармаларды талдап сынағыш, сын айтқыш.

Кемеңгер А. С. Пушкин өзі де: «Міне менің баспа жүзіне шыққаныма 16 жыл, сыншылдар осы мерзім ішінде менің өлеңдерімнен 5 грамматикалық қате байқады», дейді (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.)

- Әділ сынға қарсы дау жүрмейді. Барша қаламдас жолдастарымның кінәсін бір өзім арқалап, сыншыл жігіт алдында мөнтеңдей бердім (С.Омаров, Дала.).