lat: SYNYQ
1зат. 1. Адамның, малдың сүйегінің сынған, қираған, мертіккен жері.
Малда болатын сынықты, сондай-ақ оның буынының шыққанын салу, халық тәжірибесінде үлкен орын алған (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).
Сынығын жөндеп салса, жас баланың сүйегі жақсы бітіп кетеді дейді (Т.Иманбаев, Түт ағашы).
Жедел жәрдем көрсетіп,сынығын орнына салып, аяғын таңып берді (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).
2. Бір нәрсенің қираған, жарылған, бөлшектенген бөлігі.
Шынының сынығынан құраған терезелерді бүкіл дүниеге наразылығы бардай ренжіп қарайды (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).
Әжемнің абайсызда қолынан түсіп кетіп қираған кесе-аққұмандардың сынығы қазір бетке шығып қалыпты (Ө.Қанахин, Жер бас.).
Оның айналасында заман қиратқан хан сарайының сынық тастары үстінде қызыл ала шапан, алтынмен кестеленген төбетей киген бірталай татар отырды (М.Жұмабаев, Шығ.).
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы.
Өлгенше естен қалмайды
Өзгеше біткен қылығы (Абай, Тол. жин.).