lat: SYNYQTYQ
зат. 1. Адам мінез-құлқына тән сыпайылық, ізеттілік, әдептілік, ибалылық.
Мінезінің сынықтығына, жауынгерлермен қарым-қатынасының сыпайылығына қарамастан, лейтенант Сыроежкин кезі келгенде, қатал да, талапты да қоя біледі (Ә.Әлішев, Батыр.).
Қаншалықты қуаныш үстінде болса да, Хадиша жүзінде де бір сынықтың байқалады (Ж. Жұмақанов, Соқпақ.).
Расында сынықтың, әдептілік, ибалық әйел баласына жарастықты ең сындарлы асыл қасиет («Қаз. әдеб.»).
2.ауыс. Көңілі, жүзі жабырқаңқылық, жүдеулік, мұңдылық, реніштілік.
Иван Павлович әйелі кескінінен сынықтықты байқады (Ж.Молдағалиев, Сарарқа.).
Апасының түсі сынықтығын інісі де байқап отыр (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).
Ал табиғатынан аңғал Думбай оның өңіндегі сынықтықты байқар емес (Ә.Сараев, Бозқырау).