lat: SYNYS
1ет.диал.Сыңасу, сығылысу, жиі, тығыз орналасу, қалың боп тұтасу.
Бірақ, бұл ауыл асықпай көшіп, жол бойында сынысып отыратын ауылдардан ерулігін жей жүретін (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Әсіресе осы өлкелердің белдеулерінде қаптай өсіп, сыныса біткен балапан қарағайлар (С.Бегалин, Шоқан асу.).
Көнере қызыл жартастар
Төріне жиған жүгіндей.
Сынысқан қалың ағаштар
Кілемнің шашақ түгіндей (Ғ.Орманов, Таңд.).