lat: SYRǴANAQ
зат. 1. Коньки я шанамен сырғанайтын жер; мұз айдыны.
Өзеннің үсті көк мұз. Сырғанақ тепкен балалар (С.Мәуленов, Үркер.).
Өзінің сабақтан тыс уақытын таза ауада, мұз айдынында, сырғанақта өткізеді (Б. Соқпақбаев, Болашақ.).
Көлдің суат тұсының қиыстау кең айдыны – коньки тебетін сырғанақ (Р. Әутәліпов, Алтын.).
2.сын. Тайғақ, баянсыз, тайғанақ; тұрақсыз.
Шіркін, азаттық-ай! Сырғанақ; тірлік, сыншыл көз – сені бір сәт ұмытуға да азаттық керек (Ғ. Қайырбеков, Ақ желкен).
Қарақас. Шешем, сорлы шешем. Ақырып қалатын болды. Сырғанақ тағдыр сырып әкеп мені сізге күң етті (Ш. Хұсайынов, Үкілі Ыбырай).