СЫРҒЫМАЛЫ

lat: SYRǴYMALY

сын. Жылжымалы, сусымалы.

Қымбат ағаштардан жасалған үй қабырғалары сырғымалы екен (Ғ.Мүсірепов, Достық.).

Байжан сырғымалы қос-қабат терезенің бірінен соң бірін жоғары көтерді (С.Мұқанов, Сырдария).

Әбсаттар бүгін қызметіне ерте келіп, кабинетінің сырғымалы терезесін шалқасынан ашып тастап, орнына барып отырды (О.Сәрсенбаев, Жиде.).