СЫР

lat: SYR

1зат. 1. Әркімнің өзіне тән, басқа адамға белгісіз қүпия ой, жасырын пікір.

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске кетермін түк өндірмей.

Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей (Абай, Тол. жин.). 

Жүрегіңнің аш көзін,

Жанның сырын арала.

Көркем десең жарымды,

Мас бол, жүрек тазала (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Болсаң да жалғыз жапанда

Сырыңа, құрбым, берік бол!

Күбірлесе-ақ ауызың,

Әкетер қағып жүйрік жел (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қызға кісі жіберіп сөйлеспекке сырым әшкере болар деп қорықты (Әбілғазы, Шежіре).

2. Істің мән-жайы, жай-жапсары.

Түзу кел қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей (Абай).

Мұны оқыған ұландар,

Yмбетей жырын тыңдаңдар!

Байқап оқып әрбірін,

Ақылға салып бар сырын,

Не деп отыр, көр түрін (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Біреуге біреу жақын жүрейін деп,

Құда болар сыр жайын білейін деп.

Бір-бірін сүймесе де құда болар,

Сонымен “партияға” кірейін деп (М.Дулатов, Шығ.).