СЫРЛЫ

lat: SYRLY

1сын.1. Бояу жапқан, боялған, бояулы.

Есікке таман оюлы сырлы кебеже, екі жақ босағада сәндік үшін іліп қойған тоғыз қара құндыз, Тоғыз қара түлкі (I. Есенберлин, Қаһар).

Сегіз қанат сырлы үйдің іші асыл заттардан жиналған биік жүк (Д. Әбілев, Баянауыл.).

Қазанның сырлы-қаласын Бұзып, жарып Қылекең он екі күн дегенде Жалғыз жанды құтқармай Айдап шықты далаға (Батырлар жыры).

2.ауыс. Құпия сырға толы.

Таң бозарса, аспанда құйқылжытып

Әнді неге салады бозторғайың?!

Ғылымдылар тексеріп көрді ме екен,

Әлемнің қиын сырлы осындайын? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Менің жарым қандай жар?!

Ай өлді де, Күн қашты.

Мағынасын байқаңдар.

Сырлы сөзім сырды ашты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).