lat: SYRTTAI
үст.1. Біреудің айтуы бойынша, сырттан.
Сырттай естуімше, Төреғожин Атбасар уезіндегі бір білікті кісінің баласы (С. Мұқанов, Есею жыл.).
Сырттай сыр тартып, қанып еді, биыл үшеуінің де егіні жаппай жайқалып пісіп тұр дейді (Қ. Ыдырысов, Ел жатса.).
Тіпті ол кісіні сырттай білетінім де шексіз еді (Ә. Көпбаев, Мақтаныш).
2. Өндірістен қол үзбей, өз бетімен (оқу).
Челябідегі мұғалімдер институтын бітірді.Сырттай оқыса да тәуір білім алған кісілер қатарында (Ж. Молдағалиев, Сарарқа.).