lat: SYRY1
ет.1.Жиі етіп, бастырып тігу.
Қолдан сырыған қара шарығымды киіп сыртқа шықтым (М. Иманбаев, Сұлу).
Көпшілік халық тоқымды сырып жасайтын (X. Арғынбаев, Қаз. ер-тұман.).
Сосын бір қолымен иығындағы ана бір жолы үнді көпесі Маравий Бараев сыйлаған астарына елтірі салып сырыған бұқара ішігінің өңірін қусыра ұстап, екінші қолымен емен столды нығарлай таянып, шайқалақтап орнынан көтерілді (Ә.Кекілбаев, Шығ.).
Сырыған ақ сұр бешпетін киіп, қолына асасын алып, зекет жиып жүріп, бір үйде қонып жатқан Темір қожа да келіп қалды (М.Жұмабаев, Шығ.).