СЫЗЫҚША

lat: SYZYQSHA

зат. 1. Сәл ғана болар-болмас сызат, таңба; әжімденген сызат.

Қабағынан жасында ат тепкен, тұяқ дағы бір жаңа айдай имек сызықша болып қалып қойыпты (Ғ.Мұстафин, Қара ғанды).

Жазық маңдайынан көлденең түскен сызықшалар, көзінің алдындағы кішкентай сызаттар, ауыр жылдардың айғағындай сезілді (А.Лекеров, Түз гүлі).

Зейнептің аласалау кішкене маңдайында бірнеше сызықша әжім пайда болды (Ө.Қанахин, Мұрагер).

2. лингв. Тиреден кіші сынық сызық; дефис.

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерінің арасында қос нүктеден басқа үтір, нүктелі үтір, сызықша да қойылуы мүмкін («Қазақст. мект.»).

Аталған мақал-мәтелдер бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаға байланысты пайдалануға да қолайлы (Бұл да).