Сауда үстемесі

lat: Saýda ústemesi.

экон. Тауарды сатумен және осы операциялардан пайда алумен байланысты жұмсаған шығындарын өтеу үшін қосылатын халыққа тауарды (өнімді) өткізу кезінде сауда кәсіпорындары немесе басқа кәсіпорындар белгілейтін үстеме.

Сауда үстемесінің мөлшері үкіметтің немесе баға белгілеу органдарының шешімімен белгіленеді (Қаз. тілі термин. Экономика).