Сауда талаптары

lat: Saýda talaptary.

экон. Халықаралық саудадағы экспорттық және импорттық бағаның арасалмағы.

Сауда талаптары бойынша халықаралық сауда статистикасында экспорттың орташа бағасы индексінің импорттың орташа бағасы индексіне қатынасын көрсететін сауда шарттарының индексі есептеп шығарылады. Индекс жеке ел, аймақ немесе елдер тобы үшін есептелуі мүмкін (Қаз. тілі термин. Экономика).