lat: Saıası
сын. Саясатпен байланысы бар, саясатқа қатысты.
Шөлдеген қиялға сусын болатын әр тараулы мағлұмат, қазіргі қазаққа тілінде шығып тұрған газеталар саяси хабарларды жазудан артық босанбайды (“Абай”).
Тоқаш Бокиннің гимназияда оқып жүрген кезінде саяси ұйымдарға қатысқаны жөнінде деректер жоқ (3.Шашкин, Тоқаш Бокин).
Тайыр саяси өлеңдердің шебері болумен бірге, нәзік сырлы лирик ақын еді (С.Мәуленов, Үркер.).
Әрине, әдебиет және өнер онкүндіктерін өткізудің зор саяси мақсаты да бар (I.Омаров, Серпін).
Тоқырау рухани салада, саяси болмыста етек жайды, халықтар достығына нұқсан келді, әсіресе Кеңес Армиясының Батыс елдерге жасаған зорлық экспансиясы, Берлин қабырғасы, әділетсіз Ауған соғысы коммунизм идеясын арзандатуға әкелді (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).