lat: Saıası kóshbasshy
саяси. Әлеуметтік-саяси үдерістер мен жағдаяттарда, ұжым, топ, қоғамдағы, ұлттар, мемлекеттер, халықаралық қатынастардағы өзара әрекеттестікті реттеуде жеке тұлғасының әсері мен ықпалы маңызды рөл атқаруға мүмкіндік беретін қоғамдық ұйым немесе әлеуметтік топтың белсенді мүшесі.
Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті, өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр (Саяси түс.сөзд.).
Мұсылман әлемі мен Батыс елдерінің саяси көшбасшылары арасындағы диалогты ұйымдастыру туралы Қазақстанның бастамасы да халықаралық қауымдастықта жоғары бағаланды және біздің шетелдік әріптестеріміздің толық қолдауына ие болды («Егемен Қазақстан»).