Саяси партия

lat: Saıası partıa.

Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі топ өкілдерінің мүдделерін қорғайтын ұжым, өзіндік қызмет бағдарламасы, мақсаты мен ұстанымдары бар ұжым.

Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады (ҚР Конституқиясы).

Қоғамдық өкілдік саяси партиялар ұсынған және партиялық тізімдер бойынша сайланған депуттатр арқылы жүзеге асырылады (“Егемен Қазақстан”).