Саясат сахнасы

lat: Saıasat sahnasy.

Саяси іс-қимылдар өтіп жатқан, шаралар жүзеге асып жатқан кеңістік.

Голощекин мен Сафаров саясат сахнасынан ғайып болды. (М.Шоқай, Таңд.).

Егер ұлттық буржуазия бір жеңнен қол шығарып, бірлесе әрекет етсе, саясат сахнасындағы креолдарды, яғни өзге ұлт өкілдерін нарықтан ығыстыруға, шаңырақтың кімдікі екенін байқатуға шамалары жетеді («Айқын»).

«Ынтымақсыз елді ұрысы билейді, ынтымақты елді дұрысы билейді» демекші, осы ретте саясат сахнасынан нық орнын белгілеп үлгерген индегенистердің тобына ынтымақ, бірлік тілейміз («Айқын»).