САЯТШЫЛЫҚ

lat: Saıatshylyq

зат. 1. Құс салып аң аулаумен кәсіптенген аңшылық.

Бала күнінде келіп құс салып, саятшылық істеген жерлер Шоқанның көзіне оттай басылды (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.).

2. Құспен аң аулау өнері.

Бұл екеуі байлығымен, батырлығымен емес, аң құмар саятшылығымен жұртқа ұнаған жандар (Ә.Көшімов, Екі бүркіт).

Ол кісіге саятшылық кәсібінің дарығаны соншалық, қызылбалақ, қыран қасиетін сонау қиян құзда шарқ ұрып, ұлылық салтын паш еткен шаңқылынан таниды екен (Б.Тұрысов, Ақ бақай).

Саятшылық дәстүрлі қазақ өнері (ҚҰЭ).

Саятшылық табиғат ресурстарына қамқорлықпен қарап, табиғат құндылықтарына деген адами қарым-қатынасты насихаттайды (ҚҰЭ).