Саңылаулы байланыс

lat: Sańylaýly baılanys.

биол. Клеткааралық байланыс түрі.

Саңылаулы байланыс өзекшелерінің қабырғалары арқылы бір клеткадан екінші клеткаға иондар, ұсақ молекулалар өтеді.

Мысалы, жүрек бұлшық еттері клеткаларындағы қозу процестері бір кардиомиоциттен екінші кардиомиоцитке саңылаулы байланыс (нексус) арқылы беріледі.

Саңылаулы байланыс клеткаларық қатынастарды реттейді, химиялық заттардың алмасуын қамтамасыз етеді (Қаз. тілі термин. Биология).