Сағағынан үзілген

lat: Saǵaǵynan úzilgen.

Бабына келген тұлпардың сынын білдіретін әсем, сұлу деген мағынадағы қолданыс.

Түгі қама құндыздай,

Көзі шолпан жұлдыздай,

Тұлпарымды мақтайын

Сымбатына тоқтайын:

Сағағынан үзілген,

Жал құйрығы сүзілген

Кірпігі қарыс төгілген (Н.Байғанин).

Домбыраның сабы да қатты ағаштан жасалыпты, өзі және де ерен ұзын, құлағына қарай бірте-бірте жіңішкерген арғымақ аттың мойындай сағағынан үзіліп тұр (Ғ.Сыланов).