Сабағынан үзілді

lat: Sabaǵynan úzildi.

О дүниелік болды, көз жұмды.

Қазақтың көзін жұмды бұлбұл қызы,

Үзілді сабағынан гүл қырмызы.

Жарқ етіп көрінді де ағып түсті

Алматы аспанының бір жұлдызы (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Суалыпты ақ айдын,

Жартас қапты мүжіліп,

Сарғайыпты талай гүл

Сабағынан үзіліп (C.Жиенбаев, Алтын қалам).