Салмағы ауыр

lat: Salmaǵy aýyr.

Жауапкершілігі зор, көп міндет жүктеген.

Ұрындым деп тіршілік кесіріне, Кір келтірме біреудің есіміне. Салмағы ауыр өмірдің сауалы көп, Жауапкері өзіңсің шешіміне (К. Салықов, Жезкиік.).

Әттең, мұның ауыр болды-ау салмағы, Ызаландым, Өзге амалым қалмады. Саған соны көз қылайын дегендей, Кете бардым басқа қызбен мен-дағы (М. Шаханов, Ғасыр.).

Бесеуі Оразға кеп жүгіністі, Ендігі ауыр салмақ оған түсті. Тындырды әділдікпен беске бөліп, Ораз ер өз алдына келген істі (О. Шипин, Дастан.).