Салтына түсті

lat: Saltyna tústi.

Дағдылы әрекетін жасады, кемеліне кеп, батырлық салтын жасады.

Қобыландының тілегін бүкіл Қыпшақ тіледі.

Қайыры көп халқына,

Енді түсіп салтына,

Таулар күйіп, тас жанған

Алты жаста баланың

Елбеңдеген зарпынан (Қобыланды батыр).

Сый қылмасаң халқыңа

Келе алмасаң қалпыңа.

Түсе алмасаң салтыңа.

Жүре берсең салпылдап,

Төрт құбыласы тең екен

Дегенді саған кім айтар? (Қабан жырау, Алтын қазық).