Санасыз әрекет

lat: Sanasyz áreket.

Адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет.

Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г.Лейбниц, В.Вундт, З.Фрейд, т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).