Сапалық тозу

lat: Sapalyq tozý.

Жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы.

Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан, сапасы жағынан ескіріп, құнсызданады. Осыған байланысты негізгі құрал-жабдықтар өтемпұлының (амортизациясының) нормаларын айқындау кезінде тек табиғи тозуы ғана емес, сонымен бірге сапалық тозу да ескеріледі (Қаз. тілі термин. Экономика).