Саперлік бөлімшелер

lat: Saperlik bólimsheler.

әск. Ұрыс даласында мотоатқыштар, танк және артиллерия бөлімшелерінің ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге арналған инженерлік әскери бөлімшелер.

Саперлік бөлімшелердің міндеттері: инженерлік барлау жүргізеді; басқару пункттерін жабдықтайды; миналы даладан өткел жол жасайды және оны минадан тазартады; өткелдер жасайды және басқа да міндеттер атқарады (Қаз. тілі термин. Әскери.).