Саптық дайындық

lat: Saptyq daıyndyq.

әск. Әскери қызметшілерді тәртіпке үйрететін, оларда жоғары саптық бойы түзету, үлгілі әскери түр, саптық тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа дағдыландыратын басты әскери пәндердің бірі.

Сонымен қатар саптық дайындық бөлімшенің саптық үйлесімділігін қалыптастырады, оларды оңай басқарылатындай етеді және әскерлердің ұрыстық әзірлігін жоғарылатуға ықпал етеді.

саптық дайындық  элементтері тактикалық сабақтарға атыс және дене тәрбиесі дайындықтары элементтерімен тең түрде кіреді (Қаз. тілі термин. Әскери.).