Сақ тайпаларының антропологиялық типі

lat: Saq taıpalarynyń antropologıalyq tıpi.

Орта Азия мен Қазақстан жерінде темір дәуірінің алғашқы кезеңінде өмір сүрген тайпаларға тән морфофизиологиялық ерекшеліктер.

Сақ тайпаларының антропологиялық типі еуропоидтік нәсілге жатады. Олардың бас сүйектері дөңгелектеу, бет сүйектері жұқалтаң, мұрын сүйектері қоңқақ, көз ұялары шұңғылдау (Қаз. ықшам. энц. сөздігі).