Тап-тұйнақтай, дайын, талапқа сай, әзір.
Біздің атқыштар ротасы да атакаға сақадай сай болатын (С.Нұрмағанбетов, Жауынгер.).
Жауға шабар ерің жоқ
Сақадай болып сайланып.
Төсек жанды мырзалар
Ала баспақ байланып,
Үй күшіктей үреді
Отының басын айналып (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.).