Сақтау ережелері

lat: Saqtaý erejeleri

Азық-түлік шикізаттарын, өнімдерін қоймаларда ұстау үшін белгіленген ережелер. Оларда сыртқы ауаның температурасы, ылғалдылығы, өнімнің өз ылғалының мөлшері және басқа да қажетті жағдайлар көрсетіледі, мысалы, қаптағы ұнды сақтау үшін оларды ағаш төсем үстіне жазда 8 қатар, ал қыста 12 қатардан асырмай орналастырады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).