lat: Segmenttik fonetıka.
лингв. Тіл білімі фонетика саласының сөз ағымының дыбыстық мағыналық бірліктерін, олардың безендірілуі мен ұйымдасуын зерттейтін бір тармағы. Фонетикалық зерттеулер сегменттік және суперсегменттік болып екі үлкен бағытқа жіктеледі.
Сегменттік фонетика дыбыстық кешеннен құралған тілдік мағыналық бірліктерді (морфема, лексема, синтаксема, т.б.) қарастырады («Тілтаным»).