lat: Sekseýildiń shoǵyndaı.
бейн. Қызарып, маздаған; ыстық.
Болғанмен жолдасы жоқ жалғыз өзі,
Шоғындай сексеуілдің жайнап көзі (Рүстем Дастан.).
Тиіп кетсе күйдірген сексеуілдің шоғындай (Жамбыл).
Алқызыл шоғындай сұр сексеуілдің,
Қызуы басылмайды кеште күннің.
Жатады қатар қонған ауылға ұқсап
Теңкиген жоталары текше кұмның (С. Мәуленов, Алыс кет.).