lat: Senarı
зат. 1. Кинофильмге негіз болатын әдеби шығарма.
Бұл мәселені Мирзоян бұдан бір жыл бұрын көтеріп, сценарий жазу Бейімбет пен И.П.Шуховқа тапсырылған болатын (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
«Ана туралы аңыз» фильмін Ж.Тәшенов пен А.Сақскийдің сценарийі бойынша режиссер А.Карпов қойған («Қаз. әдеб.»).
2. Театрда ойнаушылардың, концерт қоюшылардың сахнаға шығу, ойнау тәртібі, реті көрсетілген жазба.
Алматыдан орындай келетін басқа да шаруалар бар. Сценарий керек. Бәрі бірінші үлкен концертке байланысты (Т. Рсаев, Самал).