Серек тас

lat: Serek tas.

Биік тас.

Бұлардың алдында кішкене көк төмпешік үстінде, құбыла жақтағы серек тасы шошайған жалғыз жас бейіт қана тұр (М.Әуезов, Абай жолы.).

Кейде Ақкердің серек тасынан тобымен асып бара жатқан арқарды көреміз (С.Бегалин, Уақыт тынысы.).

Анда-санда ақыс кездескендей көз тартатын серек тастар, қорым тастар көп (Мәдениет және тұрмыс.).

Жәйін күштің жотасы тәрізденген, қалың сауыр жоталар мен қатаң суық серек тастар болсын, баршасы да жым-жырт (М.Әуезов, Абай романы.).