Серпіліс жасады

lat: Serpilis jasady [tanytty, tapty].

Қарқын көрсетті, шабыттанды.

Сіз Ақмола аймағында он төрт жыл қызмет еттіңіз. Енді бір серпіліс жасап, басқа жерге барғаныңыз жөн (Ердің даңқы,).

Қазір қала еңбеккерлері бесжылдықтың шешуші жылында тың серпіліс танытып отыр («Лен. жас.»).

Қыстағы еңбектерінің зая кетпегенін көрген звено мүшелері де үрдіс бір серпіліс тауып, қайраттанып кетті (Ж.Бектепов, Қызылшашы.).