lat: Shóldi shúlen etti
Қуаң, құрғақ жерді игерді, шұрайландырды деген мағынада.
Шөлді енді асау толқын шүленетіп,
Қуатты бір күш оған тартатындай (А.Нысаналин, Сүмбіле.).
Мұхаң айтқандай, шөлді шүлен еткен, жоқты бар еткен, болымсызды мол еткен, біріне-бірі сай, ырыс өлкелеріне келе жатырмыз (Ә.Омаров, Асыл арман.).
Сараң табиғатты табындыру, шөлді шүлен, даланы дәурен ету деген, меңіреуіндегі мүлгіген байлықты меңгеріп, тереңдігі түрлі қазынаны тұрмысқа жарату деген осындай-ақ болмас па (У.Қыдырханов, Шаңқай түс.).
Шөлді шүленетіп жатқан үш аудан сан мыңдаған ер-әйелдің, мектеп балаларының, сансыз көп жастардың және үлкендердің селдей мол күшімен мақта теру жорығында (М.Әуезов).