Шахталық көтергі қондырғылар

lat: Shahtalyq kótergi qondyrǵylar

кен. Өндірілген кенді (көмірді) және жерасты қазбаларын үңгу барысында алынған таужыныстарды жер үстіне шығаруға, адамдарды тез және қауіпсіз көтеріп, түсіруге, шахта жабдықтарын, құрал-саймандарын және басқа материалдарды тасымалдауға арналған қондырғылар.

Шахталық көтергі қондырғылар көмегімен шахта оқпанының шегендерін қарап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді (Қаз. тілі термин. Кен.).

Шахталық көтергі қондырғыларға: көтергі машиналар, көтергі жабдықтар және техникалық құрылыстар жатады (Қаз. тілі термин. Кен.).