lat: Shamasy joq
а) Әл-дәрмені, қауқары жоқ, дәрменсіз.
Ақжелекті жоқтайтын,
Алтау-ақ болды жолдасы.
Арылады көз жасы,
Төстікті қатты қарғады,
Шал-кемпірде шама жоқ,
Тіл алатын бала жоқ,
Қартайғанда зарлайды,
Күйіп-жанып нала боп,
Төстікке қарар бір жас жоқ,
Бөлінетін ала боп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Тулайын десе, шара жоқ,
Толықсып жүрер шама жоқ.
Ұйқы мен астан дәм кетіп,
Сақалда, шашта қара жоқ (Абай, Тол. жин.).
Тілдесуге жоқ бүгін шамасы да,
Жатыр өлім, өмірдің таласында.
Апта бойы дәм сызбай қайран сабаз
Зар болып тұр бір жұтым қара суға (С.Мәуленов, Алыс кет.).
ә) Мүмкіндігі, жағдайы жоқ.
Алаштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ (М.Дулатов, Шығ.).