Шаруашылық жүргізуші субъект

lat: Sharýashylyq júrgizýshi sýbekt

экон. Шаруашылық қызметпен айналысушы заңды немесе жеке тұлға.

Шаруашылық жүргізуші субъект Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесіне ие азаматтар, олардың бірлестіктері. Шаруашылық жүргізуші субъектіге осы елдердің резиденттері де, бейрезиденттері де жатады (ҚҰЭ).

Шаруашылық жүргізуші субъект- тауарлар өндіретін, өткізетін, сатып алатын не қызметтер көрсететін, жұмыстарды орындайтын жекеше, мемлекеттік және басқа кәсіпорындар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, акционерлік қоғамдар мен басқа да серіктестіктер, қоғамдар, қауымдастықтар, концерндер, салааралық, аймақтық және басқа бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер, банктер, тауар және қор биржалары, инвестициялық, зейнетақылық және басқа қорлар, дербес кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар (Қаз. тілі термин. Экономика.).