Шарт талаптары

lat: Shart talaptary

экон. Шарт жасасушы тараптар шартта белгілеген және оның мазмұнында аталатын талаптар. 

Шарт жасасу практикасында елеулі шарт талаптарына мыналар жатады: шарттың атауы; оның жасалған жері мен күні; тараптардың атаулары мен деректемелері; келісімшарт заты мен объектісі; шарттың қолданылу мерзімі; өнімді өткізу мен қабылдау мерзімі мен тәртібі; шарттың бағасы; өзара есеп айырысу тәртібі; буып-түю, тасымалдау, сақтандыру; тараптардың шарт объектісін пайдалану және билеу жөніндегі құқықтары; құпиялықты сақтау шарттары; форс-мажорлық мән-жайлар; залалдың орнын толтыру, кепілдіктер; тараптардың жауапкершілігі және қолданылатын құқық; төрелік; шарттан туындайтын шығын, баж, салық; шартты жасасудың жалпы талаптары (Қаз. тілі термин. Экономика.).