Шарықтау шегі

lat: Sharyqtaý shegi

а) Жеткен жері, қызған тұсы.

Күй шарықтау шегіне жетіп тоқтады (С.Әйешов, Жаңғыру).

Бұл думан ең шарықтау шегіне жетті (Ғалам ғажап.).

ә) әдеб. Көркем шығармада оқиғаның шиеленісіп, шегіне жетіп өрістеген тұсы, кульминация.

Әдетте шығармадағы оқиға желісінің өрбіп-дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Оқиға желісінің, яғни сюжеттің басталуы, өрістеп шиеленісе түсуі, шарықтау шегі, аяқталуы әрқайсысының атқаратын міндеті өзгеше болып келеді, өзіндік сипат-ерекшеліктері болады (ҚҰЭ).