Шекараны межелеу

lat: Shekarany mejeleý

әск. Шекараны демаркациялау, жергілікті жердегі мемлекеттер тепе-теңдік негіздерде құратын бірлескен комиссиялардың шекараны анықтау туралы халықаралық-құқықтық құжаттардың (шарттар, карталар, шекараның сипаттамалары) негізінде жергілікті жерлерде олардың арнаулы шекаралық белгілерін таңбалай отырып, мемлекеттік шекара шебін анықтау

Шекараны межелеудің нәтижелері туралы шекараның қайта белгіленген шебінің өтуі сипатталатын хаттама толтырылады, оған шекара шебі көрсетілген карталар және әрбір орнатылған шекаралық белгінің хаттамасы тәсімімен, кейде фототүсірімдерімен қоса тіркеледі (ҚҰЭ).