Шекараны қайта межелеу

lat: Shekarany qaıta mejeleý

әск. Шекараны редемаркациялау халықаралық құқықта мемлекеттік шекараның белгіленген шебін бірлесіп тексеру және қажет болған жағдайда жергілікті жерлерде қираған шекаралық белгілерді қалпына келтіру немесе жаңа шекаралық белгілер орнату, бір үлгідегі белгілерді екінші үлгідегі белгілермен ауыстыру, қосымша белгілер орнату.

Шекараны қайта межелеуді шектес мемлекеттер бір-бірімен жасалған келісімдер негізінде жүзеге асырады (ҚҰЭ).