Шексіз цикл

lat: Sheksiz (jabyq, tuıyq) sıkl

инф. Кейбір шартқа қол жеткізген кезде алгоритмдегі немесе бағдарламадағы циклден шығу амалдары қарастырылмаған және операциялық жүйе құралдарымен үзілмейтін цикл бөлігі.

Шексіз циклді бағдарлама жұмысын тоқтату, компьютерді тоқтан ажырату немесе қайта жүктеу арқылы үзуге болады (Қаз. тілі термин. Информатика).