lat: Shetel valútasy
экон. а) Шет мемлекеттердің ақша белгілері, сондай-ақ есеп айырысуда (халықаралық, аймақтық, мемлекетаралық, т.б.) пайдаланылатын шетелдік ақшалай өлшем түріндегі төлем және кредит құжаттары (вексельдер, чектер).
Валюталық заңнамада шетел валютасы (Қаз. тілі термин. Экономика).
ә) Тиісті шет мемлекетте және мемлекеттер тобында айналыста жүрген және заңды төлем қаражаты болып табылатын банкнот, қазынашылық билет, мәнет, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айырбасталуға тиіс ақша белгілері. б) Шоттардағы шет мемлекеттердің ақша өлшемдері және халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктері түріндегі қаражат (Қаз. тілі термин. Экономика.).