Штейнді бессемерлеу

lat: Shteındi bessemerleý [konverterleý]

Мыс сульфидінің тотығу реакциясы кезінде бөлініп шығатын жылуды пайдалануға негізделетін штейнді мыс алу үшін қайта өндеу.

Конвертерде штейн балқымасы қабаты арқылы сығылған ауа үрленеді (оны оттекпен байыту оң нәтиже береді); бұл орайда күкірт пен темір тотығып, күкірт күкіртті газ түрінде, темір конвертерлік қож түрінде кетіріледі. Алынатын өнім қаралтым мыс деп аталады. Штейнді бессемерлеу никель мен қорғасын өндіруде де қолданылады (Қаз. тілі термин. Кен.).