Шығыс өркениеті

lat: Shyǵys órkenıeti

Шығыс мәдениеттерінің әртүрлі уақыт және мекен кеңістігіндегі даму деңгейін байналайтін жалпы атау.

Шығыс өркениеті көп жағдайда Батыс өркениетіне қарама-қайшы ұғым ретінде қолданылып, дәстүрлі қоғамның батыс мәдениетінен ерекшелігін айғақтй түсу үшін пайдаланылады (ҚҰЭ).

Жалпы адамзат өркениетінің ішінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен, рухани құндылықтарға қосқан мол үлесімен ерекшеленетін қазақ мәдениеті де дала өркениетінен бастау алатын, ислам өркениетімен құнарлана түскен жалпы шығыс өркениеті аясындағы дербес төл өркениеті (ҚҰЭ).