Шығысымдылық

lat: Shyǵysymdylyq

зат. Елмен шығыса білушілік, жағымдылық. Ханжігіт азғантай сауаттылығына еңбекшілдігі мен кішіпейіл шығысымдылығы қосылып, ел-жұртқа жағымдылығымен қара еңбектен құтылыпты (Ғ.Білəл., Ғасырлық., 24). Сонда Шекен ары ойлап, бері ойлап, елжұртпен шығысымдылықтары аз олармен ортақтасқысы келмеген болатын (Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 23).