lat: Shyraljyn jýsan
өс. <лат. artemisia dracunculus> Күрделігүлділер тұқымдасына жататын хош иісті жапырағы дәмдеуіш есебінде пайдаланатын жусан тәріздес шөптесін өсімдік.
Шыралжын жусан жас күйінде: жапырағы – салатқа, сабақтары қияр, саңырауқұлақ тұздауға пайдаланылады. Кепкен жапырағын аз мөлшерде ыстық тағамдарға – сорпаға (ет, көкөніс) және балыққа арналған тұздыққа қосады (Қаз. тілі термин. Тамақ.)